дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 2:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде көлік нөміріне арналған мемлекеттік баж салығы өсті

Елімізде көлік нөміріне арналған мемлекеттік баж салығы өсті
ашық дереккөзі
Елімізде көлік нөміріне арналған мемлекеттік баж салығы өсті
Елімізде көлік нөміріне арналған мемлекеттік баж салығы өсті, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Салық сомасы 1 миллион теңгеге дейін жеткен. Биылдан бастап қарапайым нөмірлердің бағасы 10 337 теңге болады. Ал 010, 020, 030, 040, 077, 707 секілді арнайы нөмірлердің ең арзаны 210 444 теңгеден басталады. Біркелкі сан мен біркелкі әріптен тұратын нөмірлердің құны екі есе, яғни 420 888 теңгеге қымбаттаған. Ал 100, 111, 200, 222, 300, 333 секілді VIP нөмірлер үшін 505 804 теңге салық төлеуге тура келеді. Егер осы сандарды бірдей әріппен алғыңыз келсе, бұл 716 248 теңге тұрады. Еліміздегі ең қымбат нөмірлерге 001, 002, 003, 777 жатады. Мұндай нөмірлер 1 052 220 теңге тұрады. Бүгінде көліктің мемлекеттік нөмірлерін онлайн рәсімдеуге болады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар