Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ КҮН СУЫТАДЫ

ЕЛІМІЗДЕ КҮН СУЫТАДЫ

Құралай аяққа тұрды. Алдағы 3 күнде аспан жүзін бұлт торламақ. «Қазгидрометтің» болжамына сүйенсек, батыс пен шығыста, солтүстік пен орталық өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тіпті бұршақ түсуі де мүмкін. Ал оңтүстікте шаңды дауыл көтерілмек. 📌Сонымен қатар шығыс пен солтүстікте сынап бағанасы түнде минус 2 градусты көрсетуі мүмкін, - дейді мамандар.