Жаңалықтар
Елімізде күзден бастап дәрі-дәрмекті таңбалау жүргізілмек
- авторjambylinfo.kz
- 21 шілде, 2022
- 670
Елімізде күзден бастап дәрі-дәрмекті таңбалау жүргізілмек
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері заңсыз айналымда жүрген препараттарды анықтау үшін бірінші қыркүйектен бастап елімізде дәрі-дәрмектерді цифрлық таңбалау тарифін енгізбек. Алайда дәріхана иелері бұның дәрі-дәрмектің қымбаттауына әкеп соғатынын айтуда, деп хабарлайды Жамбыл инфо, Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Таңбалау құны 2 теңге 4 тиын болады. Енді 1 шілдеден бастап шығарылған дәрілердің арнайы штрих коды болмаса ол заңсыз болып есептеліп, тәркіленуі тиіс. Ал заңға бағынбаған дәріхана иелеріне айыппұл салынады. Дәріхана иелері бұның қосымша шығын екенін айтып, дәрілердің бағасын өсіретіндерін ескертті.
“Өйткені бұған бір қызметкер үлгермейді. Оның уақыты жетпейді. Сол себепті қосымша тағы бір адамды жалдауымыз керек болады. Оған кемі 150-200 мың теңге төлеуіміз керек”,- деді ҚР Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы Талғат Омаров.
Алайда денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша цифрлық таңбалауды енгізу елге контрабандалық жолмен кіргізілетін және заңсыз сатылымда жүрген дәрі-дәрмектерді анықтауға септігін тигізеді. Бірақ баға саясатына айтарлықтай әсер етпейді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ: 954 АДАМ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






