Жаңалықтар

Елімізде коронавирусты жұқтыру бір тәулікте 1,5 есеге төмендеді

Елімізде коронавирусты жұқтыру бір тәулікте 1,5 есеге төмендеді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 478 жағдай тіркелді. Кешегі мәлімет бойынша 740 қазақстандықтан қауіпті вирус анықталған еді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 95, Алматы қаласында - 52, Шымкент қаласында – 0, Ақмола облысында – 59, Ақтөбе облысында – 16, Алматы облысында - 2, Жетісу облысында - 3, Атырау облысында - 19, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Абай облысында - 4, Жамбыл облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 35, Қарағанды облысында - 83, Ұлытау облысында - 0, Қостанай облысында - 45, Қызылорда облысында - 3, Маңғыстау облысында - 21, Павлодар облысында - 17, Солтүстік Қазақстан облысында - 13, Түркістан облысында - 5. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 384 027 жетті.