Жаңалықтар

Елімізде медициналық кітапшалардың электронды форматы енгізілді

Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі мәлімедеді

Елімізде медициналық кітапшалардың электронды форматы енгізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жеке медициналық кітапшалардың онлайн режимге ауысты.

Бұл азаматтарға медициналық тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл механизм арқылы құжатты бірнеше мекемелерде қолдануға болады,- деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Айта кетейік, енді Еgov mobile мобильдік қосымшасындағы «E-Densaulyk» сервисі арқылы медициналық тексеру нәтижелері мен санитариялық кітапшасы туралы деректерді алуға болады. Бұл медициналық тексеруден өту уақытын едәуір қысқартады және терапевтке қайта бару қажеттілігін болдырмайды.