Жаңалықтар

Елімізде мектеп оқушыларының көктемгі демалысы қашан басталады

Елімізде мектеп оқушыларының көктемгі демалысы қашан басталады

Биыл мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 9 күнге созылады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі Instagram-дағы ресми парақшасында. Ведомство хабарлауынша, мектеп оқушылары үшін көктемгі демалыс 2023 жылғы 18 наурыз бен 26 наурызды қоса алғанда 9 күнге созылады. Айта кетейік, былтыр қазақстандық мектеп оқушылары көктемде 12 күн - 19 наурыз бен 30 наурыз аралығында демалса, 2021 жылы мектептерде көктемгі демалыс 20 наурызда басталып, 1 сәуірге дейін созылған еді. Еске салайық, оқу жылының басында биыл күзгі, қысқы, көктемгі демалыстардың уақыты қысқарып, оқу жылының өзі 31 мамырға дейін ұзартылатыны хабарланған болатын.