Жаңалықтар

Елімізде қоқыс шығару тарифі 31% қымбаттады

Елімізде қоқыс шығару тарифі 31% қымбаттады

Маусым айында Қазақстан бойынша қоқыс шығарудың орташа тарифі 403 теңгені (1 адамға) құраған. Ең қымбат тариф Алматыда – 553 тг, Ақтауда – 504 тг (былтыр маусымда – 250 тг), Орал – 496 тг (былтыр маусымда – 286 тг) қалаларында тіркелді. Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, қоқыс шығару бойынша ең төмен баға Таразда – 94 тг (өткен жылдан бері өзгермеген).