Жаңалықтар

Елімізде ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті құрылды

The final spritzer

Үкімет Қаулысы күшіне енді

Қазақстанда Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті құрылды. Үкімет  Қаулысы 2024 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді. деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Қаулыға сәйкес:

Туризм индустриясы комитеті оның құрамынан ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті қайта құрылды.

Осылайша қазір туризм және спорт министрлігінде келесі ведомстволар бар:

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;

Туризм индустриясы комитеті;

Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті.

Жаңа комитет салалық мәселелерді дербес және жедел шешетін болады.