Жаңалықтар

Елімізде пәтер жалдау ақысы арзандай бастады

Елімізде пәтер жалдау ақысы арзандай бастады

Баға өткен айдың ортасынан бері 20 пайызға төмендеген. Бұл туралы жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары хабарлады.

Пәтерақы Ресейге жақын орналасқан қалаларда айтарлықтай арзандаған: Петропавлда 41, Ақтөбеде 36, Павлодар мен Оралда 32 пайызға түскен. Ал Астана мен Алматыда жалдау ақысының 22 және 11 пайызға арзандағаны байқалады.