Елімізде паспорт пен жеке куәлік алу құны өзгереді
Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға паспорт бергені үшін ставкалар 8-ден 4 АЕК-ке (13 800 теңге) дейін төмендетілді.
ҚР азаматының паспортын (16 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бергені үшін мөлшерлемелер белгіленді:
36 бет – 8 АЕК (27 600 теңге);
48 бет – 12 АЕК (41 400 тенге).
ҚР азаматының жеке куәлігін бергені үшін оны бір жыл ішінде екі реттен артық жоғалтуына байланысты айыппұл 1 АЕК (3450 теңге) мөлшерінде белгіленеді.
Бұл өзгерістер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала