Жаңалықтар

Елімізде паспорт пен жеке куәлік алу құны өзгереді

Елімізде паспорт пен жеке куәлік алу құны өзгереді

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға паспорт бергені үшін ставкалар 8-ден 4 АЕК-ке (13 800 теңге) дейін төмендетілді. ҚР азаматының паспортын (16 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бергені үшін мөлшерлемелер белгіленді: 36 бет – 8 АЕК (27 600 теңге); 48 бет – 12 АЕК (41 400 тенге). ҚР азаматының жеке куәлігін бергені үшін оны бір жыл ішінде екі реттен артық жоғалтуына байланысты айыппұл 1 АЕК (3450 теңге) мөлшерінде белгіленеді. Бұл өзгерістер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.