сейсенбі, 1 қазан, 2024 12:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде сайлау барысын байқаушылар жасарып келеді

Елімізде сайлау барысын байқаушылар жасарып келеді
ашық дереккөзі
Елімізде сайлау барысын байқаушылар жасарып келеді
«Астана қаласы бойынша шамамен 2 мың байқаушы дайындауды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде олардың үштен бірін оқыттық. Күнделікті оқыту жүргізіліп жатыр. Биыл байқаушылар қатары жасарып келеді деп те айта аламыз. Жастар тарапынан қызғушылық жоғары. Бұл қуантарлық жайт. Оларға тек өздерінің құқықтарын ғана оқытып қоймай, бұған дейінгі сайлауларда орын алған жайттар кезінде қалай әрекет ету қажеттігін де түсіндіреміз», - деді ол елордада өткен брифинг барысынада. Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов болса жалпы республика бойынша байқаушылар қатары толысқан, түрлі мамандық иелері екендігін айтады. «Астана бойынша байқаушылардың орташа жасы 25-30, ал республика бойынша 40-45 жасты құрайды. Яғни, республика бойынша байқаушылар толысқан, түрлі мамандық иелері десек болады. Ал жастар жылдан-жылға, сайлау өткен сайын азаматтық ұстанымдарын белсенді білдіре бастады. Өйткені, әлемде, елімізде не орын алып жатқанын, өзгерістерді көріп отыр. Олар белсенді азамат болғылары келеді», - деді ол.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар