сәрсенбі, 27 қараша, 2024 5:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде үшінші, төртінші, бесінші балалар көбірек дүниеге келіп жатыр - Тамара Дүйсенова

Елімізде үшінші, төртінші, бесінші балалар көбірек дүниеге келіп жатыр - Тамара Дүйсенова
ашық дереккөзі
Елімізде үшінші, төртінші, бесінші балалар көбірек дүниеге келіп жатыр - Тамара Дүйсенова
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Атырауда ҮЕҰ және ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен, әйелдермен, көпбалалы аналармен кездесті. Көпбалалы отбасыларды, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шараларын, әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодексте қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жақсартудың жаңа тәсілдерін түсіндірді, деп хабарлайды Жамбыл инфо,ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Министрдің айтуынша, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда азаматтарды әлеуметтік қолдаудың кешенді жүйесі құрылды. Онда мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар, өмірдің барлық кезеңінде салық салу жеңілдіктері қамтылған. «Былтыр мемлекеттің бюджетінен 4,9 млн азаматқа зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге шамамен 4 трлн теңге бөлінді. Бұл – ел бюджетінің төрттен бір бөлігі. Атырау облысында былтыр зейнетақы мен жәрдемақы алушылар саны 193,5 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 29,3 %-ын, төлемдердің жалпы сомасы 125,6 млрд теңгені құрады. Биыл 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері 5%-ға, ынтымақты зейнетақы 7% индекстелді. Ал, 1 сәуірден бастап инфляция дәлізін қайта қарауға байланысты зейнетақы мен жәрдемақы қосымша 4% индекстелді», – деді Тамара Дүйсенова. Министр мәліметіне сүйенсек, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға бюджеттен төленетін жәрдемақының 5, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің 2 түрі кіреді. Биыл бұл мақсатқа 38,3 млрд теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға артқан. «Елімізде қабылданып жатқан әлеуметтік қолдау шаралары демографиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. Мәселен, 2020 жылы 426,8 мың, ал, 2021 жылы 446,8 мың бала өмірге келді. Осы орайда үшінші, төртінші, бесінші және одан да көп баланың өмірге келу үрдісі байқалады» -дейді министр. Қазір мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталда мүгедек адамдарды оңалтудың техникалық құралдарын, санаторлық-курорттық емдеу, жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтерін, оларды жеткізушілерді өз бетінше таңдай алады. Жыл басынан бері Атырау облысының тұрғындары портал арқылы 11 мыңнан астам оңалту шараларын алған. «Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту құралдары мен қызметтерімен қамтамасыз ету уақытын 8 айдан 2 аптаға дейін қысқартуға, мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтер мен оңалту қызметтерімен қамтуды таңдауды өнім берушіден жеке қажеттілігін, сапасын, беделін және басқа пайдаланушылардың пікірлерін ескере отырып, тікелей ұсынуға болады. Мүгедектігі бар адамдардың қай жерде орналасқанына қарамастан, оңалту құралдары мен қызметтерін таңдауына мүмкіндік беру, мысалы, санаторийді ауруына байланысты басқа аймақтан таңдауына мүмкіндік беріліп отыр. Алайда, оңалту құралдарының сапасына, жеткізушілер ұстанатын баға саясатына қатысты мәселелер әлі де бар. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстарды жақсарту жалғасатын болады», -деді Тамара Дүйсенова. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Тамара Дүйсенова жұмысшылардың еңбек құқығын қорғауға ерекше назар аудару қажеттігін айтқан еді. Сондай-ақ, Теңіздегі жобадан босайтындарды жұмысқа орналастыру жөнінде Жол картасы жасалды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар