Елімізде суды заңсыз пайдаланушылармен күресетін жаңа комитет құрылды
- авторjambylinfo.kz
- 15 шілде, 2024
- 636
Су ресурстары және ирригация министрлігінде Cу ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде комитет құрылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметше, жаңа комитет суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі.
«Министрлік суды заңсыз пайдаланумен белсенді күрес іс-шараларын қолға алды. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған. Бұл жұмыстар заңнамаға енгізілетін өзгерістермен бірге судың «қара нарығына» қарсы күресті едәуір күшейтуі тиіс»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз