Елімізде телевизия мен радио бір күнге өшіріледі
Елімізде телевизия мен радио бір күнге өшіріледі
Елімізде осы аптаның сенбісінде, яғни 23 желтоқсанда телевизия мен радиодан хабар тарату белгілі уақыт аралығында өшіріледі, деп хабарлайды Жамбылинфо EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазтелерадио» АҚ таратқан хабарламада, 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қаласы уақыты бойынша) «Қазмедиаорталығының» хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау аясында барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарланған. Сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып профилактикалық жұмыс жүргізетіні айтылады. Осыған байланысты аталған уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-радиоарналарды тарату тоқтайды.