сәрсенбі, 11 наурыз, 2026 18:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда

Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда
Көлік министрлігі
Қазақстанда теміржол вокзалдарын реконструкциялау және модернизациялау жұмыстары жалғасып жатыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы еліміз бойынша 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және модернизациялау кешенді жұмысы басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл жұмыстар жолаушылар үшін вокзалдардағы қолжетімділік пен жайлылықты арттыруға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ объектілердегі навигация мен қауіпсіздік деңгейін жақсартуға бағытталған.

Бүгінгі күні 36 вокзалда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

2025 жылы келесі станциялардағы вокзалдарда жөндеу жұмыстары аяқталды: Жақсы, Курорт-Бурабай, Макинка, Шортанды, Ұзын-Ағаш, Шамалған, Сағыз, Мақат, Талдықорған, Ақши, Теміртау, Айса, Құсмұрын, Аманқарағай, Талап, Қазалы, Бозшакөл, Тайынша және Жаңаесіл.

2026 жылдың бірінші тоқсанында мына станциялардағы вокзалдарда жұмыстар аяқталды: Семиглавый Мар, Мырза, Сарышаған, Көктұма, Ағадыр, Қарағанды-Сұрыптау, Жаңақорған, Шиелі, Жетісу, Қарасор, Тобыл, Қалқаман, Доссор, Қызылжар, Саумалкөл, Жалтыр және Аққыстау.

Қалған вокзалдардағы реконструкция жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда

Модернизация нәтижесінде жолаушылар заманауи күту залдарына, жаңартылған навигациялық және ақпараттық жүйелерге, жетілдірілген инженерлік шешімдерге, сондай-ақ барлық санаттағы азаматтарға арналған қолайлы жағдайларға ие болады.

Бағдарламаны іске асыру Қазақстандағы теміржол вокзалдарының инфрақұрылымын заманауи және халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар