Жаңалықтар

Елімізде өткен тәулікте 68 адам коронавирус жұқтырды

Елімізде өткен тәулікте 68 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 68 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 393 284-ке жетті. Оның ішінде: Астана қаласында - 17, Алматы қаласында - 13, Ақмола облысында – 1, Ақтөбе облысында – 10, Алматы облысында - 3, Атырау облысында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Абай облысында - 2, Жамбыл облысында - 2, Қарағанды облысында - 5, Ұлытау облысында - 3, Қостанай облысында - 1, Қызылорда облысында - 3, Солтүстік Қазақстан облысында 3 адам анықталды.