Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы көтерілді
Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы көтерілді
2024 жылы бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (БЖЗҚ төлемдерін есептемегенде) 130 414 теңгені құрайды (2023 жылы – 120 838 теңге). Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрлері және базалық зейнетақы төлемі ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 7%-ға, ынтымақты зейнетақы 9%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға артып көтерілді. Ақпарат дереккөзі: Atameken business