дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде зейнетке ерте шығуға рұқсат берілуі мүмкін

Елімізде зейнетке ерте шығуға рұқсат берілуі мүмкін
Сурет: Abai.kz
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты

Қазақстанда зейнетке ерте шығуға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл ұсыныстар әлі қабылданған жоқ, мұны қазір министрлік тиісті органдармен бірлесе қарап жатыр.деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, бұл халықаралық деңгейде шешімін тапқан сұрақтар.

«Бүгінде біздің қоғамда бірнеше сұрақ талқыланып жатыр. Бұл – зейнет жасын күтпей, зейнетке ерте шығу. Бұл сұрақ аналарымыз, көпбалалы аналарымыз, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарымыз үшін өте маңызды. Бұл кісілер де ерте зейнетке шығу мәселесін көтеріп отыр. Сондай-ақ министрліктің алдына зиянды жағдайда жұмыс істейтін азаматтарды 50-55 жастан зейнетке шығару мәселесі де қойылып отыр. Мысалы, зейнет жасына келсе де, зейнетке шықпай, жұмысын әрі қарай жалғастырған азаматтарға зейнетақысын төлемей, оны бюджетте қалдыру. Ал зейнет жасына жетпей, зейнетке шыққысы келетін азаматтарға бюджеттегі сол қаржыны төлеу қарастырылып отыр», – деді ол.

Сондай-ақ, Светлана Жақыпованың зейнетке ерте шыққысы келетін азаматтардың еңбек өтілі 25 жылдан кем болмауы керегін алға тартқан.

"Зейнетке ерте шыққысы келетін азаматтардың осы уақыт бойы зейнет жарналары аударымы болуы қажет. Мысалы, азамат 20 жасынан бастап жұмыс істесе және тиісті жарналары уақытылы аударылып отырса, онда ол 45 жасында ерте зейнетке шыға алады",-деді министр.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар