Жаңалықтар

Елімізде жемқорлық фактілерінің 10 пайызы ғана жарияланады

Елімізде жемқорлық фактілерінің 10 пайызы ғана жарияланады

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов белгілі журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында осылай айтты. Ол журналистің "Неге қазір желіні ашып қалсаң, жемқорлардың ұсталып жатқандығы туралы ақпарат жиілеп кеткен?" деген сұрағына "Қазақстанда жемқорлықтан таза сала жоқ. Ондай жаңалықтардың шығып жатқанына мен қуанамын. Себебі, ол антикор жұмыс істеп жатыр деген сөз" деді. Сондай-ақ, ол, бұл көрсеткіш анықталған фактілердің 10 пайызы ғана екенін, және бір жылда мыңға жуық жемқорлық фактілер анықталатынын айтты. Дегенмен, Дидар мырза халыққа жемқорлардың ұсталғандығы туралы, қай салада "көз қысты, бармақ басты" әрекеттердің болып жатқандығы туралы жаңалықтарды көбірек жариялау керек деп санайды.