дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздегі мектептерде оқытылатын пәндер саны қысқаруы мүмкін

Еліміздегі мектептерде оқытылатын пәндер саны қысқаруы мүмкін
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы Тамара Дүйсенова педагогтардың тамыз конференциясында айтты

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова педагогтардың тамыз конференциясында Қазақстан мектептерінде қандай пәндерді қысқартуға болатынын анықтауды тапсырды, деп хабарлайды деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

BAQ.KZ. - тың жазуынша Тамара Дүйсенова соңғы жылдары мектеп бағдарламасына көптеген жаңа пән енгізілгенін баса атап өткен. Олардың қатарында "Қаржылық сауаттылық", "Бизнес негіздері" және "Дінтану" бар, ал әлемде вариативті оқу бағдарламалары кеңінен қолданысқа ие.

Біз бұл мәселе бойынша мамандардың пікіріне жүгінуіміз керек. Негізгісі ретінде қандай пәндерді қалдырамыз және қайсысымен вариативті немесе инвариативті түрде жұмыс істеуге болатындығын шешуіміз керек, - деп атап өтті ол.

Премьер-министрдің орынбасары білім беру бағдарламаларын да қайта қарауды ұсынды.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар