Жаңалықтар

Еліміздегі мектептерді күзету қарабайыр түрде жүргізіледі- Нұртөре Жүсіп

Еліміздегі мектептерді күзету қарабайыр түрде жүргізіледі- Нұртөре Жүсіп

Сенат отырысында Нұртөре Жүсіп   депутаттық сауалында қазіргі таңда оқу мекемелерінің қауіпсіздігі  формальды түрде және қарабайыр түрде жүргізілетіні туралы айтты.

«Көп сатылы кешенді қауіпсіздік жүйесін жасауды күн тәртібіне шығару керек. Әлем елдерінде мұндай тәжірибелер бар. Қай ел болсын бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қарайды», - деді сенатор. Депутат «Білім туралы Заңында» оқушылар мен ұстаздардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы бір ауыз сөз жоқтығына да алаңдаушылық білдірді. «Білім беру мекемелерінде криминалдық және террористік сипаттағы қауіп-қатерден қорғайтын, оқу орындарындағы оқушыларды, мұғалімдер мен қосалқы персоналды сақтауға арналған қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасау жөнінде шұғыл кешенді шаралар қабылдауды сұраймыз», – деп қорытындылады Нұртөре Жүсіп.