Жаңалықтар
Елімізден Өзбекстанға 90 миллионның бензині заңсыз әкетілмек болды
- авторjambylinfo.kz
- 10 тамыз, 2022
- 219
Елімізден Өзбекстанға 90 миллионның бензині заңсыз әкетілмек болды
Қазақстаннан Өзбекстанға жалпы құны 90 млн теңге болатын 280 тонна АИ-95 маркалы бензин заңсыз экспортталмақ болған.
Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Павлодар облысы бойынша АФМ департаментінің қызметкерлері АИ-95 маркалы отандық бензинді Өзбекстанға заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті. Жалпы құны 90 миллион теңгеге жуық 280 тонна жанармай құйылған бес вагон-цистерна табылды. Мамандардың қорытындысына сәйкес, теміржол цистерналарынан алынған сынамалар К-4 экологиялық класындағы АИ-95 бензині болып шықты. Келісім шарты бойынша жалпы 45 миллион долларға шетелдік компанияның пайдасына елден 50 мың тонна бензин экспорттау жоспарланған. Тергеу жалғасып жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала