Жаңалықтар

Еліміздің аумағында құрғақшылық қаупі бар аумақтардың көлемі артады - Қазгидромет

Мамыр айына арналған құрғақшылықтың нақты болжамы жарияланды

Синоптиктер сәуір айында жауған жауын-шашын мен болжамды ауа-райы жағдайларын ескере келе, Қазақстан аумағында құрғақшылық қаупі бар аумақтардың көлемі ұлғаятынын хабарлады,- деп жазады Jambylinfo.kz

Алдағы уақытта Қызылорда облысының Қармақшы және Шиелі ауданында, Қостанай облысының Амангелді ауданында, сондай-ақ Қарағанды облысының Шет ауданында құрғақшылық күтіліп отыр.

Орташа ылғалды жағдайлар болжанады:

Қостанай облысында Қарасу ауданында;

Ақмола облысында Ақкөл, Атбасар және Сандықтау аудандарында;

Павлодар облысында Ақтоғай, Успен және Павлодар қаласының маңында;

Батыс Қазақстан облысында Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында;

Ақтөбе облысында Қобда ауданында.

Елдің қалған бөлігінде мамыр айында ылғалдандыру көпжылдық деңгейге жақын деп есептеледі.