жұма, 4 қазан, 2024 16:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздің барлық аймағында жел тұрады - Қазгидромет

Еліміздің барлық аймағында жел тұрады - Қазгидромет
ашық дереккөзі
Еліміздің барлық аймағында жел тұрады - Қазгидромет
- Қазгидромет ел аумағында 17 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр, найзағай, түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын болады. Республика бойынша екпінді жел тұруы мүмкін, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-батыста, орталықта түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі. «Күндіз Атырау облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35-36°С қатты ыстық күтіледі. Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», - деп жазды синоптиктер. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі бар.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар