сейсенбі, 18 наурыз, 2025 19:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздің ірі қалалары мен облыстарында креативті орталықтар ашылады

Еліміздің ірі қалалары мен облыстарында креативті орталықтар ашылады
Үкіметтің баспасөз қызметі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында өңірлерде креативті хабтарды дамыту жөніндегі жұмыстарға тоқталды.

Министрдің айтуынша, жергілікті атқарушы органдарға креативті индустрияны дамытуға қатысты заңнамалық құзырет берілген, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл қадам ел аумағында шығармашылық орталықтардың ашылуы мен өркендеуіне жол ашуды көздейді.

«Бүгінгі таңда республика бойынша 12 креативті хаб ашылды. Алайда, Ақмола, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Креативті хабтар – өңірлердегі креативті индустрияны дамытудың негізгі инфрақұрылымы болуға тиіс. Олар өңірлік экожүйенің орталығына айналып, таланттарды тарту және олармен жұмыс істеу бойынша маңызды рөл атқарады»,
 — деп атап өтті министр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар