Еліміздің ірі қалалары мен облыстарында креативті орталықтар ашылады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында өңірлерде креативті хабтарды дамыту жөніндегі жұмыстарға тоқталды.
Министрдің айтуынша, жергілікті атқарушы органдарға креативті индустрияны дамытуға қатысты заңнамалық құзырет берілген, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл қадам ел аумағында шығармашылық орталықтардың ашылуы мен өркендеуіне жол ашуды көздейді.