Жаңалықтар

Елімізге кәсіпкерлердің «жаңа толқыны» қажет - Президент

Елімізге кәсіпкерлердің «жаңа толқыны» қажет - Президент

Қазақстан экономикасын дамыту жолында өзіне жауапкершілік ала алатын кәсіпкерлердің «жаңа толқыны» қажет. Бұл туралы Президент VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, ондай адамдарға елімізде өз бизнесін дамытуға мүмкіндік беру және нақты көмек көрсету маңызды.