Жаңалықтар
Елордада 20 қараша күні қоғамдық көлікпен жүру тегін болады
- авторjambylinfo.kz
- 15 қараша, 2022
- 201
Елордада 20 қараша күні қоғамдық көлікпен жүру тегін болады
Астанада 20 қараша – сайлау күні қоғамдық көліктерде (қалалық және қаламаңындағы маршруттар) жол жүру тегін болады. Бұл туралы қала әкімдігінен мәлім етті.
Қоғамдық көлік сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді.
Ал 21 қараша – дүйсенбіден бастап автобустар әдеттегідей, қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді.
Еске салайық, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елордада кәмелетке толмаған балаларға қоғамдық көлікпен жүру – тегін. Осы уақытқа дейін оқушылар 43 миллион сапар жасады.
Сондай-ақ зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және азаматтардың өзге де жеңілдетілген санаты тегін жол жүру құқығын пайдаланады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала