жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 20:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елордада 24-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды

Елордада 24-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды
ашық дереккөзі
Елордада 24-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды
Елорда полицейлері 24-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Полицияның “102” арнасына түн ортасында Сарайшық көшесінде көпқабатты үйдің балкон қоршауында ер адам отырғаны және секіруге тырысып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері Ержан Айса мен Нұрсұлтан Егембайдан тұратын Астана қаласы ПД патрульдік полиция полкінің жасағы дереу жіберілді. Оқиға орнына келген полицейлер балкон қоршауының әр жағында еңкейіп және төменге секірейін деп отырған адамды көрген. Жағдайды бағалап, уақытты жоғалтпай, тәртіп сақшылары тез арада жоғары көтерілді. Оларды байқаған ер адам оған жақындамасын деп айқайлай бастаған. Қалыптасқан жағдайды бағдарлай отырып, полицейлер ер адаммен диалог құруға тырысты және оның алданып тұрған сәтін пайдаланып, оған тез жүгіріп барып, артынан ұстап, балконның ішіне тартып кіргізген. Содан кейін олар ер адамды қауіпсіз жерге апарып, стресстік жағдайды шешуге көмектесіп, тыныштандырған. Секірмек болған ер адам Есіл ауданының Полиция басқармасына жеткізді. 28 жастағы азаматтың мұндай іс-әрекетке не итермелегені анықталып жатыр. Психологтармен бірлесіп онымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар