жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елордада Astana Media Week 2025 медиа форумы өз жұмысын бастады

Елордада Astana Media Week 2025 медиа форумы өз жұмысын бастады
Фото: Jambylinfo.kz
Биылғы шара 5–7 қараша аралығында өтеді

Бүгін елордадағы «Қазмедиа орталығында» Astana Media Week 2025 медиа апталығы басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шараны 5–7 қараша аралығында өткізу жоспарланған. Биылғы шараның басты тақырыбы — «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы».

Дәстүрлі форумға отандық және шетелдік медиа сарапшылар, журналистер, блогерлер, продюсерлер мен мемлекеттік және жекеменшік медиа ұйымдардың өкілдері қатысуда. Олар қазіргі медианың даму бағыты мен өзекті мәселелерін талқылайды.

Бағдарламада журналистиканың қоғамдағы рөлі, медиадағы жаңа технологиялар мен жасанды интеллекттің ықпалы, стриминг сервистердің дамуы, деректі фильм өндірісі және контент экономикасы сияқты тақырыптар қамтылған.

Апталықтың алғашқы күні — қоғамдық диалог пен ашық коммуникация мәдениетіне арналса, екінші күні — инновациялар мен кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған. Соңғы күні отандық медианың үздік жобалары мен тұлғалары марапатталады.

Astana Media Week — Қазақстандағы ең ірі медиа платформалардың бірі. Ол елдің ақпараттық саясатындағы басым бағыттарды айқындап, саланың кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді. Форум жыл сайын жүздеген маманды біріктіріп, тәжірибе алмасуға және жаңа серіктестіктердің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар