сенбі, 23 қараша, 2024 7:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елордада Атырау, Жамбыл облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Елордада Атырау, Жамбыл облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
ашық дереккөзі
Елордада Атырау, Жамбыл облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Осы демалыс, яғни 18 және 19 қыркүйек күндері елордада Атырау мен Жамбыл облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Барлығы 336 тонна жаңа өнім сатылатын болады.
Жәрмеңке дәстүрлі түрде санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде өңірлер түрлі өнімдер ұсынады. Жалпы алғанда екі облыс елордаға 336 тонна өнім әкеледі, ол нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен сатылатын болады. Атырау облысы қала тұрғындарына 20 тоннадан астам ет, 36 тонна балық және балық өнімдері, 3 тонна сүт өнімі, 1 тонна шұжық өнімі, 90 тонна көкөніс өнімі, сондай-ақ 60 000 дана жұмыртқа, 0,5 тонна нан өнімі, 0,5 тонна ет консерві, 1 тонна макарон өнімі, 0,5 тонна ұн әкеледі. Ал Жамбыл облысы елордаға 18 тонна ет (жылқы еті, сиыр еті, қой еті және құс еті), 3,5 тонна шұжық өнімі, 12,1 тонна сүт өнімі, 5,4 мың дана жұмыртқа, 1 тонна кондитерлік өнім, 3 тонна макарон өнімі, 5 тонна қант, 0,3 тонна тұз, 4 тонна балық, 2,7 тонна өсімдік майы, 2,5 тонна бал, 1 тонна кептірілген жеміс, сондай-ақ 128,6 тонна көкөніс пен жеміс сатылады. Жәрмеңкеге келушілер санитарлық талаптарды толықтай сақтауы қажет: маска тағу, әлеуметтік қашықтық және қолды дезинфекциялық құралдармен залалсыздандыру.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар