Жаңалықтар

Елордада Қазақстандағы Қытай туризмі жылының ашылу рәсімі өтті

The final spritzer

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.

Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының туризм жылы және «Жібек пен Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели, ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы, ҚЕытайдың Ұлттық жібек музейі директорының орынбасары Чжан Чэнмин және өзге де мәртебелі меймандар қатысты.

Ербол Мырзабосынов Қытай мен Қазақстанның кез келген салада байланысы бекем, достығы берік елдер екенін атап өтті. Сондай-ақ министр бүгінде екі ел арасындағы қатынастар «Бір белдеу. Бір жол» бастамасы аясында жаңа деңгейге көтеріліп жатқанын, бұл ретте туризм саласы қос халықты жақындастыратын негізгі факторға айналғанын жеткізді.

Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының туризм жылы аясында екі ел арасындағы туристік бастамаларды қолдау мақсатында бірқатар шараларды ұсынды.

Атап айтқанда, Қазақстанда Қытай туристеріне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін Welcome Chinese бағдарламасын енгізу. Бағдарлама қонақ үйлердің, туристік компаниялар мен нысандардың Қытайдан келетін қонақтардың қажеттілігіне бейімделуге көмектеседі. Бұдан бөлек, туризм, спорт және мәдениетті тоғыстыратын бірегей шекаралық марафон ұйымдастыру және туристік жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ұтқырлықты арттыру арқылы білім мен тәжірибе алмасу ұсынылды.

Айта кетейік, 2024 жыл Қазақстан мен Қытай үшін туризмді өзара дамытуда маңызды кезең болды. Былтыр «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы» аясында Қытайдың ірі қалаларында 37 іс-шара ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде туристер ағыны бірнеше есе артты. Былтыр елімізге Қытайдан 655 мың турист келді. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 78% жоғары (2023 жылы – 367 мың адам).