Жаңалықтар
Елордада «Келешек мектептері» жобасымен 23 мектеп салынды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қыркүйек, 2025
- 366
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясында мәлімдеген еді.
Астанада былтыр 16 «Келешек мектебі» ашылса, биыл жаңа оқу жылында тағы 7 білім ордасы пайдалануға берілді. Қазір елордада барлығы 23 «Келешек мектебі» табысты жұмыс істеп тұр.
Ұлттық жоба аясында республика бойынша 217 мектеп салу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 128-і іске қосылды.




