жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елордада мас жүргізушіні тоқтатпақ болған полицей ауыр жараланды

Елордада мас жүргізушіні тоқтатпақ болған полицей ауыр жараланды
ашық дереккөзі
Елордада мас жүргізушіні тоқтатпақ болған полицей ауыр жараланды
Нұр-Сұлтанда мас жүргізушіні тоқтатпақ болған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді 2 желтоқсан күні саған 14:00 шамасында Қошқарбаев көшесінде қызметін атқарып жүрген қалалық патруль полициясы мамандандырылған батальонының аға инспекторы Архат Рақышев Howo машинасын байқап, оны тоқтатпақ болады. Өйткені жүк көлігі жолда апаттық жағдай туғызып, жол ережесін өрескел бұзып келе жатқан еді. Көліктің жүргізушісі полицейдің ескертпесіне құлақ аспай, қозғалысын жалғастырған. Полицей жағдайды түсініп, бетон артқан автомобильдің жүргізушісі қаланың қақ ортасында азаматтарға қауіп төндіріп отырғанын, талапқа бағынбайтынын, бәлкім сау емес екенін бағамдаған. Содан кейін ол көлікті тоқтатуға тырысқан. Ол радиостанция арқылы оқиға орнын көрсетіп, әріптестерінен көмек сұрайды. Содан кейін көліктің кабинасына секіріп мінеді. Алайда жүргізуші оған қарсылық көрсеткен. Салдарынан аға инспектор жол бойына құлап кетеді. Полицейлер көліктің жолын жауып, ақыры тоқтатты, күдікті ұсталды. Жүргізушіден алкогольдің иісі бұрқырап тұрды. Кейіннен сараптама оның орта дәрежеде мас болғанын көрсетті. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша изоляторға қамалды. Көлік коммуналдық тұрақта тұр. 29 жастағы полиция капитаны Архат Рақышев ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер полицейдің өмірі үшін күресіп жатыр. Ол 2015 жылдан бері ішкі істер органдарында жұмыс істейді. Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/item/513745-elordada-mas-zh-rgizushini-to-tatpa-bol-an-politsej-auyr-zharalandy Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар