жексенбі, 6 қазан, 2024 7:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елордада өтетін жекпе-жекте Данияр Елеусіновтің қарсыласы анықталды

Елордада өтетін жекпе-жекте Данияр Елеусіновтің қарсыласы анықталды
ашық дереккөзі
Елордада өтетін жекпе-жекте Данияр Елеусіновтің қарсыласы анықталды
Елордада өтетін бокс кешінде Елеусіновтің қарсыласы 33 жастағы мексикалық Данте Хардон болмақ. Боксшылар IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін қолғап түйістіреді. Қазір бұл титул Данте Хардонға тиесілі. Айта кетейік, Данте Хардон кәсіпқой бокста 34 рет жеңіске жеткен (оның 25-і нокаутпен) және 7 мәрте жеңіліс тапқан. Ал отандасымыз Данияр Елеусінов 10 мәрте жеңіске жеткен, оның алтауында қарсыласын нокаутпен жеңген. Былғары қолғап шеберлерінің кездесу 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтеді. Осы кештің андеркартында ауыр салмақтағы Иван Дычко ресейлік Александр Устиновпен жекпе-жек өткізеді. Еске сала кетсек, бұған дейін орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) WBA және WBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Хассан Ндам Нжикамды нокаутқа жіберіп, кәсіби бокстағы 11-жеңісіне қол жеткізген еді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар