Жаңалықтар

Елордадағы LRT құрылысы аяқталуға жақын

The final spritzer

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, станциялардың негізгі темірбетон конструкциялары толық дайын, ал №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада учаскесінде алғашқы 500 метр рельс жолы төселген

Астанада LRT желісінің барлық 18 станциясында құрылыс биыл толық аяқталады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

III тоқсанда жүйені сынақтан өткізу жоспарланған.

Жыл соңына дейін жолдың жоғарғы бөлігінің құрылысы аяқталып, рельстер төселеді, дабыл және байланыс жүйелері реттеледі. Сондай-ақ, станциялардың ішкі-сыртқы әрлеуі жүргізіліп, құрамдар жеткізіледі және депо салынады. LRT бойындағы маршруттар кезең-кезеңімен абаттандырылатын болады.