Елордалық мұғалім пауэрлифтингтен Әлем чемпионы атанды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 ақпан, 2025
- 228

Мысырдың бас шаһары Каирде осы айдың 1-6 күндері ауыр атлетикадан ашық әлем чемпионаты өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Елордадағы бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Ержанова Мысырда өткен пауэрлифтингтен халықаралық жарыста екі алтын медаль жеңіп алды. 54 жастағы чемпионды мектеп ұжымы ерекше құрметпен қарсы алды.
77 келі салмақта 100 келі зілтемірді еркін көтерген Айгүл Ержанова 23 елден келген қарсыластарын басып озды. Осылайша, ол әлемдік рекордты жаңартты.
«Қазақстан бұл жарысқа бірінші рет қатысып отырғандықтан, бастапқыда мені Қытайдан келген қатысушы деп ойлады. Алайда, рекордық көрсеткіш көрсеткенімде Қазақстаннан келгенімді біліп, барлығы қошемет көрсетті», - дейді Айгүл Тұрғамбайқызы.
Ол бар-жоғы 1,5 жыл бұрын алғаш рет жаттығу залына барып, бүгін әлем чемпионы атанып отыр!
Ұқсас жаңалықтар
Президент: ҮЕҰ-мен серіктестік қоғам дамуына ықпал етеді
- авторjambylinfo.kz
- 14 наурыз, 2025