жексенбі, 24 қараша, 2024 19:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елу шақты кенші қаза тапқан шахтаға есімі берілген Иван Костенко деген кім?

Елу шақты кенші қаза тапқан шахтаға есімі берілген Иван Костенко деген кім?
ашық дереккөзі
Елу шақты кенші қаза тапқан шахтаға есімі берілген Иван Костенко деген кім?
Кеше ғана жарылыс болған Костенко атындағы шахтаның тарихы 1934 жылдан басталады екен, деп хабарлайды :Жамбылинфо Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мәліметтері бойынша 1934 жылы 13 тамызда «Гигант-А» кенішіне 1934 жылы 27 шілдеде ұшақ апатынан қаза тапқан «Карагандауголь» тресінің басқарушысы Иван Акимович Костенконың есімі берілді. Кеніш 1942 жылы іске қосылды. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеніш уақытша игеру схемасы бойынша жұмыс істеген. 1952 жылы 26 мамырда жобалық қуаты жылына 750 мың тонна көмір өндіретін шахтаның бірінші кезегі іске қосылды. 1962 жылы дәл осындай қуаттылықтың екінші кезегі енгізілді. 1968 жылы 1 қаңтарда 86/87 шахта Костенко атындағы шахтаға қосылды, одан кейін қайта құру және өндірістік қуаттылық 3 млн 200 мың тоннаға дейін өсті. 1984 жылы кеніштің бүкіл тарихында ең көп көмір өндірілді – 3 млн 942 мың тонна. 1992 жылы 7 мамырда шахта ұжымы 100 миллионыншы тонна көмір өндірді. 1996 жылдан бастап кеніш «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (бұрынғы «Испат Кармет» АҚ, «МитталСтил Теміртау» АҚ) көмір департаментінің құрамына енді. Дереккөз: https://aikyn.kz/257804/elu-shak-ty-kenshinin--omirin-k-ig-an-shahtag-a-esimi-berilgen-ivan-kostenko-degen-kim
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар