Елжан Біртановқа қатысты сот үкімі шықты
Бүгін Астанадағы №2 Сарыарқа аудандық сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Жамбылинфо Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов Біртановты санавиация бойынша ақтағанын, ал басқа айыптар бойынша 5 жылға бостандығын шектегенін айтты.
Сот Біртановты санитарлық авиация ұшағын пайдаланды деген айып бойныша толықтай ақтайды. Өзге айыптаулар бойынша Біртановтың 5 жылға, оның орынбасары Әбішевтің 4 жылға бостандығы шектелді,
— деді судья.
Елжан Біртанов пен оның сол кездегі орынбасары болған Олжас Әбішевке қатысты сот процесі 26 мамырда басталды. Ал тергеу 2 жылға жуық жүргізілді.
Естеріңізге салсақ, экс-министр соңғы сөзінде мемлекеттік айыптаушылардың жеткілікті дәлел ұсына алмағанын айтқан болатын.
Осыдан екі апта бұрын прокурор Біртановты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Еске салайық, Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасында қамауға алынды. Ал 7 қарашада бұлтартпау шарасымен үйқамаққа ауыстырылды. Тергеу екі жылға созылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
ҚАЖ департаменті 9 айдың қорытындысын шығарды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қаңтар, 2025