Енді Қазақстанда әскери қызмет өткеруден жалтарғандар қылмыстық жауапқа тартылады – Қарулы күштер маманы
Енді Қазақстанда әскери қызмет өткеруден жалтарғандар қылмыстық жауапқа тартылады – Қарулы күштер маманы
Әскери қызмет өткеруден жалтару қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты көздейді. Бұл туралы Қарулы күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Бауыржан Артықов мәлімдеді.
«Әскери қызмет – ол еліміздің егемендігін сақтау негізі. Ал жастарға тәрбие беру, оларды Отанды қорғауға даярлау тек мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, бірінші кезекте барлық қоғамның маңызды міндеті болып саналады. Әскери қызмет әрбір ер азаматтың заңмен белгіленген міндеті, ал оны өткеруден жалтару қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты көздейді», – деді Бауыржан Артықов.