Енді Қазақстанда жаңа туған сәби 20 минуттан кейін ЖСН алады
Енді Қазақстанда жаңа туған сәби 20 минуттан кейін ЖСН алады
Енді Қазақстанда жаңа туған сәбиге ат қойылмай тұрып, жеке сәйкестендіру нөмірі беріледі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ахуалды арттыру бойынша түзетулер» туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды jambylinfo. Мәжіліс депутаттары заң жобасы көздеп отырған бірқатар өзгерістерді қолдады. Атап айтсақ, заң жобасына сәйкес, енді Қазақстанда жаңа туған баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру ұсынылады. «Осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделіп отыр», - дейді заң жобасына қатысты депутаттар.