Жаңалықтар

Енді бала асырап алумен тек кәсіби отбасылар айналысады

Енді бала асырап алумен тек кәсіби отбасылар айналысады

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде Білім беру және бала құқығын қорғау мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Жамбылинфо  Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, заң жобасы 2 кодекске және 5 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Заң жобасымен ұсынылатын негізгі новеллалар төмендегідей:

  • Балаларды асырап алатын кәсіби отбасы институтын енгізу;
  • Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары үшін хабарлама тәртібін енгізу;
  • Меншік нысанына қарамастан, білім беру ұйымдарында балалардың жекелеген санаттарының қолдау құқығын кеңейту;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша онлайн оқытуды енгізу.

Сонымен қатар ол заң жобасы аясында баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар институтын енгізуде жаңа тәсілдер ұсынылатынын атап өтті.

Сондай-ақ психологиялық дайындықты жетім балаларға арналған білім беру ұйымдары іске асырады. Аталған ұйымдар оқыту қорытындысы бойынша өз ұсынымын дайындайды. Қорғаншылық органдар кәсіби отбасы үміткерлерінің заңнама талаптарына сәйкестігін қарайды және дайындалған қорытындыға талдау жүргізіп, нәтижесі бойынша үміткер отбасын аккредиттеуден өткізеді. Вице-министр заң жобасында отбасыларға жіберілетін балалар санатын кеңейту ұсынылып отырғанын жеткізді. «Енді отбасыларға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен қатар панасыз, қараусыз қалған, арнайы әлеуметтік қолдауға мұқтаж балаларды да орналастыруды ұсынып отырмыз.

Оның пікірінше, ұсынылып отырған жаңа институт – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың және панасыз, қараусыз қалған балалардың отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.