Жаңалықтар

Енді eGov арқылы оқушыларды басқа мектепке ауыстыруға болады

Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электронды түрде беруге мүмкіндік бар.

Енді мектеп ауыстыру үшін білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электронды түрде беруге болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

 Ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды eGov.kz порталы арқылы жүзеге асыра алады. 

Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады.

Қызметті алу үшін:

eGov.kz порталында тіркелу;

"Білім" → "Орта білім" бөлімінде "Балаларды мектептен мектепке ауыстыру" қызметін таңдау;

Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;

Нәтижемен Жеке кабинетте танысу керек.