Енді "Болашақ" түлектері шетелде еңбек өтей алмайды
- авторАрайлы Жақсылық
- 28 наурыз, 2025
- 187

2017 жылы «Болашақ» стипендиаты Ұлыбританияның бір университетінде магистр дәрежесін алған. Бағдарлама шарттарына сәйкес, ол Қазақстанда еңбек өтуі тиіс еді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Егер елордада немесе республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істесе – 5 жыл, ал басқа өңірлерде – 3 жыл. Алайда Астанада 1489 күн жұмыс істегеннен кейін ол шетелге кетіп, міндеттемелерін толық орындамаған.
«Еңбек өтемеу салдары туралы хабарламалар талапкер тарапынан еленбеді», – деп мәлімдеді сот.
336 күндік қашықтан жұмысты еңбек өтілі ретінде есептеу әрекеті сәтсіз аяқталды. Сот еңбек шарты қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырмағанын және бұл бойынша қосымша келісім жасалмағанын атап өтті. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасының негізгі мақсаты – мамандардың Қазақстанға оралуын қамтамасыз ету болғандықтан, қашықтан жұмыс істеуге рұқсат беретін Еңбек кодексіндегі өзгерістер оған қолданылмайтыны айтылды.
Шарт талаптарын бұзғаны үшін түлек стипендиядан айырылып, оқу шығындарын өтеуге міндеттелді.