Жаңалықтар

Енді кредитке көлік алу жеңілдеуі мүмкін

бірқатар талап алынып тасталады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк және микроқаржы қызметін реттеу мәселелеріне түзету енгізбекші, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstantv сілтеме жасап. 

1 сәуірден бастап қарыз алушының барлық өтелмеген кредиттері мен қарыздары жаңа көлікті несиеге сатып алу кезінде есепке алынбайды;

Жаңа көліктің бастапқы жарнасы 50 пайызын төлеген жағдайда, борыш жүктемесі коэффициенті талабын уақытша тоқтата тұру көзделеді.

Мақсат – отандық автоөнеркәсіп өнімдерін жеңілдетілген несиемен сату. Түзетулер қоғамдық талқылауға ұсынылды. 

Ел ішінде қазір 4,6 млн көлік бар. Оның 2 миллионнан астамының зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан. Ал жаңа көліктердің үлесі 6 пайыздан аспайды.