Жаңалықтар

Енді оқушылар сабақта смартфонды 30 минуттан артық пайдалана алмайды

Енді оқушылар сабақта смартфонды 30 минуттан артық пайдалана алмайды

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек, деп жазады Жамбылинфо  "Адырна" ұлттық порталы. 

ҚазАқпараттың хабарлауынша, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ашық талқыға шығарған құжатта мектепалды және жоғарғы сынып оқушыларының сабақта гаджетпен жұмыс істеу уақытын белгілеу ұсынылған.

Жаңа өзгерістерге сай, енді оқушыларға сабақта дербес компьютер, планшет және ноутбук қолдануға рұқсат етілетін уақыт: - мектепалды, мектепке дейінгі топтарда (сыныптарда) және 1 сыныптарда - 15 минуттан аспайды; - 2-3 сыныптарда - 20 минуттан аспайды; - 4-5-сыныптарда - 25 минуттан аспайды; - 6-8 сыныптарда - 25 минуттан аспайды; - 9-11(12) сыныптарда - 30 минуттан аспайды.