Жаңалықтар

Енді оқушыны басқа мектепке онлайн ауыстыруға болады

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің сайтында жарияланды

Қазақстанда оқушыны  бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталының көмегімен онлайн түрде ауыстыру мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Оқу-ағарту министрлігі бұл процестің қалай жүзеге асырылатынын түсіндірген. 

Мемлекеттік қызметті алу үшін:

  • eGov.kz порталына кіріп, "Білім" бөліміне өтіңіз;
  • тізімнен "Орта білім" бөлімін таңдап, ары қарай "Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" қызметіне өтіңіз;
  • қажетті жолдарды толтыру және электрондық қолтаңбаны пайдаланып өтінішке қол қою;   
  • Қызмет нәтижелерін “Жеке кабинеттен” көруге болады.