Енді туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады
Әділет министрлігі пилоттық жобаны қолға алды
Аталған жоба азаматтарға туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Министрліктің мәліметінше, пилоттық жоба негізінде АХАТ органдары берген электронды құжаттар бойынша – туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу туралы куәліктер мен анықтамалар бойынша электрондық апостильді қолдануды дамыту жоспарланған.
Қазақстандықтар үшін бұл қызмет 2025 жылдың төртінші тоқсанында қолжетімді болады.