
Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтің бірі – жеке куәлікті ауыстыру, сәуірдің аяғына дейін онлайн-форматқа ауыстырылады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жаңа өзгеріс қолданысқа енген жағдайда қазақстандықтар:
тек eGov платформасында сәйкестендіруден өтеді;
фото мен қолтаңбаны жүктейді;
онлайн төлем жасайды;
құжаттың дайын болғаны туралы SMS хабарламаны күтеді.
«2024 жылы ХҚКО операторлары 15,2 млн қызмет көрсетті. Бұл ретте өтініштердің 80%-ы он қызметке тиесілі. Біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, бұл қызметтерді автоматтандыру және баламасыз, тек онлайн форматқа көшіру бойынша жол картасын әзірледік. Бірінші кезеңде: жеке куәлікті ауыстыру, электронды цифрлық қолтаңба беру, еңбек мигранттарына рұқсат беру қызметтері. Келесі кезекте тіркеу қызметтері: көлік, жылжымайтын мүлік, жерге қатысты құжаттар көшіріледі. Мақсатымыз – жыл соңына дейін халыққа қызмет көрсету орталығының жүктемесін 50%-ға дейін азайту», — деді министр.